Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы
"С.Сейфуллин атындағы № 4 ақпараттық технология мектеп-лицейі (IT- мектеп-лицей)" КММ
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі

Мектеп миссиясы

Заманауи IT технологияларды меңгерген, сыни әрі шығармашылық тұрғыдан ойлайтын, білімін өмірде тиімді қолдана алатын, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін және ел дамуына үлес қосуға дайын бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

Мектеп құндылықтары

  • Білімге құштарлық – үздіксіз іздену, үйрену және өзін-өзі дамыту.
  • Инновация және шығармашылық – жаңа идеяларды қолдау, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану.
  • Жауапкершілік – өз ісіне, таңдауына және нәтижесіне жауап беру.
  • Құрмет пен ынтымақтастық – бір-бірін сыйлау, командада жұмыс істеу және өзара қолдау.
  • Адалдық – әділдік қағидаларын ұстану және академиялық адалдықты сақтау.
  • Ұлттық құндылықтар – ана тілді, тарихты, мәдениет пен дәстүрді құрметтеу.
  • Цифрлық мәдениет және қауіпсіздік – технологияны сауатты, әдепті әрі қауіпсіз қолдану.